Аналитик-исследователь
30 Августа 2025

Город:
Астана
Занятость:
Полная занятость
Опыт:
Нет опыта
Компания "ОО ШАБЫТ"
Ұйымға сарапшылар (аналитиктер)/ журналистер / аудармашылар / SMM-маман қажет
Жұмысқа жастар практикасы бағдарламасы арқылы қабылдаймыз!
Міндеттері:
- Қазақ және орыс тілдерінде мақалалар мен ақпараттық материалдар жазу;
- ағылшын және орыс тілінен қазақ тіліне аударма жұмыстары;
- Ұйымның әлеуметтік желідегі парақшаларын жүргізу (Instagram, Facebook, TikTok және т.б.);
- Жобаларды ақпараттық сүйемелдеуге қатысты қосымша тапсырмаларды орындау.
Талаптар:
- Жоғары білім туралы дипломның болуы (әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар немесе журналистика және басқа);
- Ресми еңбек өтілі қажет емес (орын «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұсынылады);
- Қазақ тілінде сауатты жаза білу, креативті контент жасай алу қабілеті;
- Әлеуметтік желілермен жұмыс істеу, SMM негіздерін білу — артықшылық болып саналады;
- Жасанды интеллект құралдарымен (чат-боттар, контент генераторлар және т.б.) жұмыс істеудің базалық дағдылары — артықшылық;
- Креативті ойлау мен бастамашылдық.
Жұмыс шарттары:
- Тұрақты айлық төлем;
- Икемді жұмыс кестесі және қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі;
- Медиа және әлеуметтік жобалар саласында дамуға мүмкіндік.
Мансапты бастауға, өз мамандық бойынша тәжірибе жинап, әлеуметтік бастамаларымен жұмыс істегіңіз келсе – түйіндемеңізді жіберіңіз!
___________________________________________________________________
Жастар практикаға тұру шарттары:
- Әлеуметтік немесе гуманитарлық мамандықта дипломның болуы: журналистика, тарих, аударма, философия және т.б.;
- Диплом (соңғы 3 жыл көлемінде оқу бітірген және мамандық бойынша әлі жұмыс істемеген түлектерге арналған);
- Астана қаласында тіркеуде болуы міндетті;
- Астана қаласы Мансап орталығына құжаттарды тапсыру.
«Рух жаңғырығы» қоғамдық қоры Қазақстанда қоғамдық және білім беру бастамаларын дамытуға бағытталған. Қордың қызметі мына бағыттарды қамтиды:
-
Ақпараттық-ағартушылық жұмыс – елдегі саяси, әлеуметтік және экономикалық үдерістерді жариялайтын Democracy.kz ақпараттық порталын жүргізеді.
-
Ғылым мен білімді жастар арасында танымал ету – Qazaq Science жобасы арқылы ғылыми жаңалықтарды қарапайым тілмен түсіндіріп, жастардың зерттеушілік қызығушылығын арттырады.
-
Азаматтық-қоғамдық белсенділік - мемлекеттік және қоғамдық бағдарламаларға қатысады, медиялық алаңдар мен әлеуметтік желілерді дамытады.
Қор медиялық, білім беру және қоғамдық қызметті үйлестіре отырып, азаматтық белсенділікті арттыруға және жастардың ғылыми дүниетанымын дамытуға ықпал етеді.
Зарегистрируйтесь или войдите, чтобы открыть контакты работодателя
Прикрепите резюме для отклика
Уже с нами?
Войдите, чтобы отправить резюме
07 Августа
Астана
Компания "Корпоративный фонд University Medical Center" Образование: Высшее фармацевтическое, химическое, биологическое. Компетенции...
Вакансия размещена в отрасли